Мейрамға қызметтік көлік берілді

Мейрам Хасенұлының Сарыкөлде еңбек етіп жатқанына 4 жыл. Жалпы, еңбек өтілі 2004 жылдан басталады.
– Көлікке қолым жетіп, арқамнан бір ауыр жүк түскендей болды. Алдында көлік болмағанда қатты қиналып қалушы едік, әсіресе, ауылдарға шығу оңайға соқпайтын. Кейбір кезде учаскілік инспектормен не болмаса жолай көліктерге мініп барып жүрдім, – дейді полиция қызметкері Мейрам Жет-піспаев.
Оның айтуынша, республикалық алдын алу шараларын ауданда ұйымдасту барысында осы көлігінің көп пайдасы тиген. Яғни, қарамағындағы қызметкер, аға инспектор, әділет аға лейтенанты С.Н.Алимов екеуінің барлық жұмыстары жеңілдей түскен.
Жалпы, олардың негізгі міндеті – бас бостандығынан айырылмағандармен, жазасын өтеп келгендермен, шартты түрде сотталғандармен жұмыс істеу. Олардың қайта қылмысқа бармауын қадағалап, айына екі рет тексеру жұмыстарын жүргізу.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.