ХҚКО-дан тыс қызмет алуға болады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасы бойынша, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы жаңартылды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ірі қалалар мен облыс орталықтарының ХҚКО-ларында электрондық мемлекеттік қызметтерді дербес алуға арналған осы секторлардың жұмысы карантин шараларының енгізілуіне байланысты тоқтатылған болатын.15900500975ns95_1000x768Сәуір айынан бастап қазақстандықтардың е-қызметтерін egov.kz порталынан, egovmobile мобильдік қосымшасынан және eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы өз беттерінше алуына мүмкіндік туған-ды. Сонымен қатар, бүкіл республика бойынша мемлекеттік қызметтерді қашықтан алу үшін 700-ден астам egov.kz бұрышы ашылды.  Олар әкімдіктердің ғимараттарында, сауда-ойын-сауық орталықтарында, кітапханаларда, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде және т.б. ғимараттарда жұмыс істейді.
Бұл ретте ХҚКО-ларда электрондық мемлекеттік қызметтерді мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, зейнеткерлер және көп балалы отбасы мүшелері ала алды. Олар үшін әр бөлімде жеңілдік ұсынатын терезелер жұмыс істеді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторларын қайтару арқылы кез келген азамат ХҚКО ғимараттарында электрондық мемлекеттік қызметтерді күн ілгері брондаусыз  ала алады. Маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау талабы сол күйі сақталады. Қазіргі уақытта Қазақстанның 137 ХҚКО секторының жұмысы қайта жанданды. Оларда мыңнан астам жұмыс орны ұйымдастырылған. Азаматтарға кеңес беру үшін мемлекеттік корпорацияның үш жүзге жуық маманы жұмылдырылды. Бұл ретте egov.kz бұрыштар жұмысын ХҚКО ғимараттарынан тыс жерлерде жалғастырады .
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар арасында ең сұранысқа ие е-қызметтер мыналар: электрондық-цифрлық қолтаңбаны алу, соттылықтың болуы/болмауы туралы анықтамалар, психо/нарко диспансерлерден анықтамалар беру, тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу, медициналық ұйымға тіркелу және т. б.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қосымша мәлімдегендей, электронды мемлекеттік қызмет алуға көмектесу үшін ақша сұрайтын ЖШС және ЖК-лердің ешқайсысының мемлекеттік корпорация қызметіне ешқандай қатысы жоқ, олар – жеке кәсіпкерлік нысаны. Оларға жеке электронды-цифрлық қолтаңбасын берген адамның алаяқтық құрбанына айналуы әбден мүмкін.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓