Ішімдік ішем деп жалаңаш қалды
Рудный қаласының тұрғыны демалыс күндерін көңілді өткіземін деп жүріп, ұрылардың құрбаны болды.

Жәбірленушінің арызы бойынша іске кіріскен полицейлер көп ұзамай ұйықтап қалған 28 жасар жігітті тонаған күдіктіні қолға түсіреді. Ол 38 жасар сол қаланың тұрғыны болып шықты. Күдіктіні тінту барысында қолды болған ұялы телефон тәркіленсе, аяқ киімді ұрының өзі киіп алғаны әшкере болды.
Мешіт Ғазиз