Жәрмеңкеден құр қалма
Алдағы сенбіде облыс орталығындағы Спорт сарайында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Жергілікті билік өкілдері таратқан ақпаратқа жүгінер болсақ, сатып алушыларға нарықтағыдан арзан бағамен тауарлардың алуан түрі ұсынылатын болады. Негізінен сауда сөрелеріне үстеме бағасыз жергілікті өндірушілердің өнімдері қойылады. Жалпы жәрмеңкеде 100 тоннадан астам өнім саудаланады деп күтілуде.