Қасиетті айдағы қайырымдылық

Мың айдан да қадірлі қасиетті Рамазан айында ауданымыздың бас имамы Дәулетбайқажы Әбдіхалық мұқтаж жанды мүсіркеп, қайырымдылық жасады.
Бас имам базарлығын беруде-1Соналы ауылында тұратын Гүлнар Роскильдинованың шаңырағына арнайы  ат басын бұрып, оның сал болып ту біткен баласы Батырға базарлық жасады. 15 жасар балақай өздігінен жүріп, тұра алмайды. Ымдап түсіндіргені болмаса, түсінікті етіп сөйлей де білмейді. Бірақ, осы баланың бағып-қағып отырған ақжаулықты аяулы ананың бұдан басқа екі қыз баласының дендері сап-сау.
Имандылықпен астасқан игі іс барысында бас имам бейкүнә балаға сақырлаған сары аязда тоңдырмайтын сыртқы киім мен сүйсіне жейтін бір дорба жеміс-жидек пен тәттілерді сыйға тартты. Ең бастысы, баладай көңіл даладай дарханданып, кең маңдайлы дидарынан нұр шашылғандай болды…  
Мінеки, алдағы уақытта бас имамның бұл бастамасын басқалар да қолдап, жүрегі жомарт жандар жалғастырса, нұр үстіне нұр болмақ.
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓