“Үмметтің байлығы – бірлікте”
Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінде осындай тақырыпта әйелдер мен қыздар секторының жамағатпен кездесуі өтті.
Шарада күн тәртібіндегі негізгі тақырып бойынша облыстық мешіттің найб имамы Дархан Манарбекұлы қозғалып отырған мәселенің өзектілігіне тоқталып, жиналғандарға уағыз айтты.
Тағы бір ерекшелік, уағыздан соң намазхан әйелдер мен қыздар арасында тағамдар жасаудан сайыс ұйымдастырылды. Әдеттегі қалыптасқан дәстүр бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Содан соң жамағатқа діни және ауызбірлік тақырыбына қатысты викториналық сұрақтар қойылды. Аналар арасында ұйымдастырылған бата беру сайысы да ұйымдастырылды.
Мұндай кейінгі жастарға танымдық-тағылымдық жағынан берері мол шараны ұйымдастырған Жансая Салауатқызына ақ жаулықты аналар шыққан шынайы алғыстарын білдірді.