Туды қоқысқа тастаған кім?
Жаға ұстататын жағдай! Мына масқара суреттерді "Наша газета" газетінің фототілшісі түсіріп алған. Қазақстан Республикасының мемелекеттік Туы Таран көшесі бойындағы ХҚКО ауласындағы қоқыссалғыштың ішінде жатыпты.
Алғашқы куәгерлер – "НГ" ұжымы сол сәтте-ақ мемлекеттік қастерлі құндылықтың күресін арасынан қалай тап болғанын анықтамақ болып, мекемеге қоңырау шалады. Бұл жайт туралы Халыққа қызмет көрсету орталығының менеджері Эльмира Сейілханова түсінік берді. Ол қоқыс контейнеріндегі мемлекеттік рәміздің бұл мекемеге тиесілі еместігін айтып ақталған.
-Біздің Ту өз орнында ілулі тұр, құлаған жоқ, – дейді ол. – Ал аулада тұрған бұл контейнерді біз ғана тұтынбаймыз, жақын орналасқан үйлердің тұрғындары да қоқыс салады. Түсінесіздер ме, Туды мұнда солардың кез келгені тастауы мүмкін.
Сондай-ақ, Сейілханова дәл қазіргі уақытта Тудың қоқыс жәшігінде жоқ екенін айтты. Оның жоқтығына "НГ" сайтына ақпарат шығысымен дереу оқиға орнына барған жедел тергеу тобының да көзі жетті. Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.