Халық қалаулылары іске кірісіп кетті

ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттарының депутаттарын сайлауы аяқталғаннан кейін, өңірдің алтыншы шақырылымының халық қалаулылары бірінші сессиясын бастап та жіберді. Оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов және Қостанай облысы сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова қатысып, сайлаудың қалай өткені жайында баяндама жасады.
Антонина Маркованың айтуынша, сайлау ойдағыдай ұйымшылдықпен өткенін, ешқандай тәртіп бұзылушылықтың анықталмағанын, халықтың бұрынғы сайлаудан, яғни, 2012 жылғыдан гөрі 2,45% артық қатысқанын, ОБСЕ миссиясынан – 22, ТМД елдерінен – 12 бақылаушының әрі әртүрлі саяси партиядан, қоғамдық ұйым мүшелері, БАҚ-ның өкілдері қатысқандығын әңгімеледі.83d60f4337012e9a890498b727e5b4fd
Ал, жергілікті өкілетті орган – мәслихатқа 36 депутат, оның ішінде 25 – ер, 11 – әйел адам сайланыпты. Барлығы да 50%-дан артық дауыс алған. Қала, аудан бойынша сайланған мәслихат депутаттарының көбісі, яғни, 262-сі «Нұр Отан» партиясынан болса, «Ақжолдан» – 2, «Ауыл» партиясынан біреу екен.
Антонина Маркова мәлімдемесінен соң салтанатты түрде жаңадан сайланған халық қалаулыларына куәлік тапсырып, алғашқы сессияның төрағасын дауыс беру арқылы тағайындады. Оған халық қалаулылары бір ауыздан Татьяна Булгацевичті таңдады. Төрайым Татьяна Борисовна мәжіліске жиналғандарды сессияның күн тәртібіндегі мәселелерімен таныстырып, мәслихат хатшылығына Алтынсарин ауданы атынан сайланған халық қалаулысы Сайлаубек Ещанов өтті. Сайлаубек Ерғазыұлы бұған дейін де мәслихат хатшысы қызметін атқарып келген-ді.
Содан кейін халық қалаулылары бұған дейін, яғни, өткен аптада болған тұрақты комиссияда талқыланған әлеуметтік салаға бағытталатын 22 млрд. 604 млн. теңгенің қаржысын бекітуге шешім шығарыды. Бұл қаржының қайда, не үшін жұмсалатыны жайында біз газеттің 18 наурыздағы санында жариялаған болатынбыз. Сондықтан егжей-тегжейлі тоқталғанды жөн көрмедік.
Мәслихаттың биылғы алтыншы шақырылымының алғашқы сессиясындағы халық қалаулыларын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады. Ол халық қалаулыларын сенетіндігін, алдағы уақытта өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірігіп қарқынды істер атқаратынын әрі бөлінген қаржыны да тиімді игеруге күш салатындығын жеткізді.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓