Қисапсыз қылмыс жасаған

Қостанайда арнайы құрылған жедел-тергеу тобы сериялы ұрлық жасауы мүмкін алты күдіктіні ұстады. Ұсталғандарға ұрлау мен тонауға қатысты жалпы көлемі 76 қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.Квартирный ворІІД баспасөз хатшысы Елена Кашаринаның айтуынша, барлық күдікті ұрлықпен айналысып, істі болғандар. Жедел-тергеу тобы ашқан аса көлемді тонау бір жарым ай бұрын болды. Қылмыскер жеке үйден 1,5 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Ал басқа 22 жастағы күдіктіден ломбардтың кепілзаттық билеттері табылды.
«Соңғы үш күнде сериялы автокөлік ұрлауға күдіктілер ұсталды, – дейді Е.Кашарина. – Олар 25 және 27 жастағы екі қостанайлық болып шықты, олардан ұрланған аккумуляторлар мен бейнерегистраторлар табылды».
Полиция статистикасына сәйкес, Қостанай облысындағы түрлі деңгейдегі ұрлық-қарлықтың 50 пайыздан астамы әшкереленді.
 
Қазақпарат

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓