Пәтер тонап, алысқа ұзамады
22 жастағы азамат КСК шағын ауданындағы Тоқымашылар көшесі бойындағы бір пәтерге ұрлыққа түскен. Жәбірленушінің үйінен алтын бұйымдар мен жарты миллионға жуық ақшасы қолды болған.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті қолға түсті. Тәртіп сақшылары одан 190 мың теңгенің кепілдеме билетін тартып алды. Ол алтын бұйымдарды қаладағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген.
Қазір тергеушілер жәбірленуші тараптың қатысуымен ұрланған мүліктердің санын түгендеуде.