Бекет атауы қазақшаланды
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолға алуымен Үкімет жанындағы онамастикалық комиссияның отырысында Қазақстандағы 100-ге жуық теміржол стансасының атауы өзгертілді, деп хабарлайды БАҚ.kz сайты.
Ономастика комиссиясының кезекті отырысында Қазақстандағы бірқатар теміржол стансаларының атауы ұлттық сипатына оралды.Мысалы, "Кустанай" – "Қостанай", "Алма–Ата–1", "Алма–Ата–2–нің" орнына "Алматы–1", "Алматы–2" деп, "Осакаровка" – "Сарыбел", "Карьерная" – "Ортас", "Семипалатинск" – "Семей", "Талды–Курган" – "Талдықорған", "Чимкент" – "Шымкент", "Сары–агач" – "Сарыағаш", "Джетісай" – "Жетісай", "Джамбул" – "Тараз", "Саксаульская" – "Сексеуіл", "Казалинск" – "Қазалы", "Джусалы" – "Жосалы", "Тюратам" – "Төретам", "Хор–хут" – "Қорқыт", "Джалагаш" – "Жалағаш", "Кзыл–Орда" – "Қызылорда", "Соло–тобе" – "Сұлутөбе", "Чиили" – "Шиелі", "Тюмень–арык" – "Төменарық" үлгісінде қайта жаңартылды. Жалпы стансалар бойынша 91 атау өзгертілді.