Полицейлер жалғызбасты зейнеткерге көмектесті

Жанкелдин ауданының полицейлері жалғызбасты зейнеткерге жәрдемдесті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ауыл ақсақалы Көпжасар Фазылханов денсаулық жағдайларына байланысты үй шаруашылығымен тұрақты айналыса алмайды. Мұны білген жанкелдиндік полицейлер қарияға көмекке келді.
полиция сайт
«Көпжасар Фазылхановтың қысқа сақтаған отын-суы азайған. Ауа райының әлі салқын температурада тұрғанын ескеріп, полицейлер егде кісіге көмір түсіріп, ағаш тасып берді. Олар әкеліп берген екі тонна көмір мен екі куб ағаш бірнеше аптаға жетеді», – дейді полицияның баспасөз хатшысы.
Өз кезегінде ауыл ақсақалы көмек қолын созған тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓