“Лаңкес” бас еркінен айырылды

Рудный қалалық соты ҚР ҚК-нің 243-бабы бойынша (терроризм актісі бойынша көрінеу жалған хабарлау) айыпталған 23 жастағы Ерлан Ақмырзаевқа қатысты сот үкімін шығарды.сот
Еске салсақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде сағат 22.00 -ден 22.30 аралығында Ақмырзаев террористік акт туралы жалған хабар беру ниетімен Рудный қаласындағы Ленин көшесі №70 тоғыз қабатты үйдің лифтіне кіреді. Лифт ішінде сотталушы өзімен бірге ала шыққан маркермен "Сендер 5 қыркүйекте өлесіңдер, үйлеріңде жарылғыш жарылады" деп жазады. Заңсыз әрекет салдарынан аталған үйдің тұрғындары жаппай эвакуацияландырылған.  Халық қорқып, тәулік бойы өз үйлеріне кіре алмаған.
Сотқа дейінгі өндіріс барысында қорғаушының қатысуымен айыпталушы мен прокурор арасында процесуалдық келісім жасалды.
Сот үкімімен Е.Ақмырзаевқа жалпы тәртіптегі колонияда екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қ.Оспанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓