Қосымша білімге – қосымша қаржы

Қараша айының орта шеніне қарай Арқалық қаласындағы Қосымша білім беру орталығына, 15 жылдықтарына орай, сыйлық жасалмақ. Жаңа спорт құрал-саймандарымен қамтылады, сондай-ақ "Жас техник" үйірмесі жиһаз-мүліктермен жабдықталады. Осы мақсатқа қала әкімінің тапсырмасымен бюджеттен 1,9 млн теңге қарастырылған. Бүгіндері интеллектуалдық, әскери-спорттық, әлеуметтік-құқықтық бағыттағы 26 клуб пен үйірмені шоғырландырып отырған орталыққа бұл қаражат ежептәуір демеу. ҚБО-да 6 мен 18 жас аралығындағы балалар тәрбиеленуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓