Жаза мерзімдері ұлғайтылды
Қостанай облыстық соты прокуратураның наразылығы мен 34 жасар кәсіпкер К.Лебедевты өлтірді деп айыпталып сотталған А.Филиппов, А.Колпаков және Ф.Гиниятовтың апелляциялық шағымы бойынша қылмыстық істі қайта қарады.
(Сурет alau.kz сайтынан алынды)
Еске салар болсақ, жәбірленуші К.Лебедев Алматы облысынан «КазТрансСервис» ЖШС тиесілі жалпы құны 409 870 доллар болатын тауарды көлікке тиеп, Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласына жеткізбекші болған. Қостанай облысының Қарабалық ауданының аумағында Лебедев көлік жүргізушісін алдастырып, тауар тиелген тіркемені ағытып алып қалған. Ұрлаған тауарды өткізу үшін ол А.Филиппов пен А.Колпаковтың көмегіне жүгініп, тауар сатылымынан түскен қаражаттан ақы төлеуге сөз береді. Кейін К.Лебедевті өздері сатуға араласқан тауарлық-материалдық құндылықтардың меншік иесі іздестіріп жатқанын білген сотталушылар өзгенің тауарын сатқандары үшін материалдық жауапкершіліктен сытылуды ойлап және алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылу мүмкіндігінен арылу үшін алдын ала қылмыстық сөз байласу арқылы адам жалдап Лебедевті өлтіруге келіседі.
2014 жылдың сәуірінде олар Ф.Гиниятовқа атыс қаруын беріп, Лебедевті өлтіруге көндіреді және де кейін оған 3500 АҚШ долларын төлеуге уәде етеді.
Кәсіпкердің өлі денесі Алматы-Екатиринбург тас жолының бойында «Шашлычный двор» дәмханасының маңынан өткен жылдың 23 сәуірінде табылған болатын. Сот Ф.Гиниятовты ҚР ҚК 96 бабы 1 бөл. (кісі өлтіру) бойынша қарастырылған қылмыста айыпты деп тауып, оны қатаң тәртіптегі түзету колониясында 13 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.
А.Филиппов пен А.Колпаков ҚР ҚК 363 бабымен қарастырылған қылмыстық істі (қылмысты жасыру) жасауда айыпты деп танылып, жалпы тәртіптегі түзету колониясында 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.
Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші инстанциялы сот үкімін өзгертті. Ф.Гиниятовтың қылмыстық әрекеттері қайта дәрежеленіп, оған қатаң тәртіптегі түзету колониясында 14 жылға бас бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды. А.Филиппов пен А.Колпаковтың да айыптары ауыстырылып, оларға қатаң тәртіптегі түзету колониясында 16 жылға бас бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі