Жарнама жою акциясы
Облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері еріктілермен және облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілдерімен бірге есірткі жарнамасы бар суреттер мен граффити жазбаларын жою, бояу акциясын өткізді.
Бірнеше сағат ішінде осындай 65 жазба және 100-ден астам граффити боялды. Облыстық ПД ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі Айгүл Ерәділованың айтуынша, акция ауқымы кеңейіп, оны өңірдің қалалары мен аудандары да қолдады.

«Бұл – облыс орталығында биыл өткізілген екінші акция. Қала тұрғындарының көмегімен белсенді жұмыстар жүргізілуде. Біздің азаматтар бұл мәселеге бей-жай қарамайды. Бізге мұндай астыртын жазулар туралы хабарламалар көп келіп түседі», – деді ол.
«Қостанайдың жас көшбасшылары» ҚҚ басшысы Гүлсім Бисембаева атап өткендей, есірткінің таралу проблемасын күш біріктіре отырып, бірлесіп жеңуге болады.
«Қостанайдың жас көшбасшылары» ҚҚ басшысы Гүлсім Бисембаева атап өткендей, есірткінің таралу проблемасын күш біріктіре отырып, бірлесіп жеңуге болады.