Жауапсыз анаға айыппұл салынды

Рудный тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған екі баласына қатысты ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нақтырақ айтсақ, азаматша ішімдікке салынып кеткен.неблагоп
Сот отырысы барысында Р. өзінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін толық мойындады.
Рудный қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты екі баланың анасын ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға қаулы етіп, оған 14 847 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓