Жүк көлігі автобусты соқты

Қостанай қаласындағы Гоголь және Темірбаев көшелерінің қиылысында қоғамдық көлік пен жүк көлігі соқтығысып қалды. Бидай тиелген КамАЗ көлігі алдындағы жеңіл автомобильді қағып кетпес үшін тез арада тоқтауға тырысады, жедел тежелістен тіркемесі жүк көлігін шетке қарай ығыстыра кетеді. Сол сәтте № 3 қоғамдық көлігіне барып соқтығысады. 10-IMG_7951
(сурет ng.kz сайтынан алынды)
Салдарынан автобустың бүйірі тесіліп, әйнектері шағылып, ішіндегі жолаушы қыз жарақат алады. Кәуегерлердің айтуынша, зардап шеккен қызды жедел жәрдем қызметкерлері алып кеткен.
-Жол тайғақ, құм төслемейді. Қаланың ортасы болса да, қардан тазаланбайды. Сәл тежегішті басып едім, жолдағы кедергілер мені автобусқа қарай лақтырып жіберді,-дейді КамАЗ жүргізушісі Наиль Мұхамеджанов.   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓