Күдікті камераға түсіп қалды
Қостанайда полицейлер "Мандарин" дүкенінен салқын сусынды орамымен алып кеткен тонаушыны ұстады. Күдікті бейне қадағалау камерасының көмегімен анықталды.

Жыл басынан бері облыста 60 тонау оқиғасы тіркелді, оның 38-і ашылды. Бейнеқадағалау камераларының көмегімен 1190 құқық бұзушылық және 5 қылмыс ашылды.
ОІІД баспасөз қызметінің материалдары бойынша әзірлеген
М.Қабдрахметова.