Кісі мүлкін кепілдікке қойып…

Қостанай ауданындағы «Нұрай» шағын ауданында 48 пәтерлі үй жуырда бой көтерген еді. Қоныс тойын тойлап, қаннен-қаперсіз күн кешіп жатқан тұрғындардың кенет берекесі шайқалды. Нақтысын айтқанда,12-пәтер иелерінің тынышы қашты. Қожалары шаңырақтарының басқаның кепілдігінде болып келгенін таяуда білген. Бәске тігілген баспанасын даулап, отау иесі сотқа шағымданды. Аудандық сот осы шиырланған мәселенің ақ-қарасын ажыратып, әділ шешім шығарды.Conceptual 3d randering of a silver brass scale measuring house and money
«Ұлан» ЖШС – басты айыпкер. Үй құрылысы басталысымен, болашақ иегерлермен алдын ала келісім-шарт жасасқан – осы серіктестік. Нысан жұмысы бітпей тұрып-ақ, өзара келісім бойынша, баспанадан дәмелілер түгелі дерлік тиісті пәтер құнын төлеп қойған. Үйдің керме жібі қиыла салысымен, тұрғындарға пәтер кілттері үлестірілді де. Дей тұрғанмен, серіктестік шағымданушылармен, бірнеше рет талап етілсе де, сату-сатып алу келісім-шартына қол қоймай келіпті. Бұл шикілікке тұрғындар аса мән қоймағанға ұқсайды. Кейін белгілі болғандай, өткен жылдың мамырында «Ұлан» ЖШС мен «Тобыл»ӘКК» арасында 22 пәтерді кепілдікке қою келісім-шарты құрылыпты. Ішінде сатылып кеткен 12-пәтер бар. Бірақ бұдан пәтер иелері мүлдем бейхабар болыпты. 
Сот отырысында жауапкер «Ұлан» ЖШС өкілі А.Гаврильчик артылып отырған айыптың негізді екенін жартылай мойындады. Аталған пәтерлер серіктестіктің тікелей меншігінде екенін алға тартты ол. Бірақ ЖШС құрылысты уақытылы аяқтау үшін, өз қаржысын былай қойғанда, пәтер салып алушылардың ақшасын пайдаланған. Мұны серіктестік өкілі басқаша түсіндірді. Айтуынша, бұл құрылыс материалдары мен қызметтер құнының кенет көтерілуіне байланысты. Сондықтан, бұлар қосымша қаражат көзін тартуға мүдделі болғандықтан, «Тобыл» ӘКК»-ден қарыз алуға тура келген. Кепілдікке жұртқа сатқан пәтерді қойғаны сондықтан. Қарыз беруші тарап та бұл заңсыздықтан хабардар болыпты. Бірақ оған келіп-кетері қайсы?
«Ұлан»ЖШС-нің келісілген уақытты өткізіп алуы нақақ тұрғындарға қауіп төндіргелі тұр. Берешек сомасы – 170 млн.теңге. Келер жылдың ақпан айына дейін төлеп бітіруі тиіс. Әйтпесе… Қазір серіктестік мәселені біржақты ету жолында күш салып жатқанын айтады.СПК Тобол
Сот шешімі серіктестік пен 12-пәтер тұрғындарының арасындағы келісімді «жасалдыға» балап, керісінше, «Тобыл»ӘКК»-мен құрылған келісім-шарттарды жарамсыз деп тапты. Сондай-ақ, төлеген мемлекеттік бажды ЖШС-тен қайтадан шағымдарушы тарапқа өндіріп беру туралы шешім шығарды. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓