Имамдар сынақ тапсырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы негізінде елімізде жүргізіліп жатқан сынақ Қостанайда да жалғасын тапты.иммам
Аталған діни басқарманың жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Қостанай облысына арнайы келді. Алғашқы күні ол облыстың тыныс-тіршілігімен танысып, қалалық мешіттің жанындағы екі айлық сауат ашу курсының шәкірттерімен кездесіп уағыз айтты.
А.Ұтысханұлы іссапарының екінші күні өңірдегі қалалар мен аудандардың имамдары мен молдалары және ұстаздармен семинар өткізді. "Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы", «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті», «Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызметкерінің этикасы» тақырыптары төңірегінде сұрақтар қамтылған сынақ алды.
Басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы мұндай сынақтардың дін қызметкерлеріне берері мол екендігіне, емтихандар дін қызметкерлерінің жан-жақты сауатты болуына септігін тигізетінін айтты.имам
Одан соң дін қызметеркерлері қалалық "Жас Отан" жастар қанатының мүшелерімен кездесті. А.Ұтысханұлы өз сөзінде бүгінгі жаһандану ғасырында, ғаламдық құндылықтарға қауіп төніп отырған сындарлы уақытта жастар тәрбиесі өзектілігін жоғалтпайтын тақырып екендігін айтты. Сондықтан жастарға дінмен қатар ата-бабадан мұра болып келе жатқан ұлттық дәстүрлерімізді қатаң сақтауға шақырды.
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓