Еңбегі еленді
Қостанайда жеке көмекшілер қызметінің ашылғанына биылғы қыркүйекте 10 жыл болды. Мерейтойға орай Достық үйінде арнайы іс-шара өтті.
Жақсылық жасау кәсіп немесе мамандық түрі емес. Адамгершілік қасиетінің ең жарқын көрінісі. Қайырымдылыққа бастайтын ізгілік жолы. Қам көңілге қамқор болып, жабыққанды жұбатуға асық тұратын жандар бар. Олар жақсылық жасауды күнделікті дағдыға айналдырған. Олар – жеке көмекшілер.Осыдан тура он жыл бұрын Қостанай аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі орталықтың жанына жеке көмекші бөлімі құрылды. Қазіргі күні орталықта 58 адам жеке көмекші болып жұмыс істеуде.
-2006 жылдың күз мезгілі болатын. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе жеке көмекші қызметін бастадық. Қостанай қаласындағы жеке көмекші қызметтің қалыптасуына Зоя Балясная еңбек сіңірді. Құрметті жеке көмекшілер, сіздердің еңбектеріңізді ұмыту, әсте, мүмкін емес. Себебі, сіздер мүмкіндігі шектеулі жандарға үміт сыйладыңыздар. Жан жылуын аямай, мейірімді бола білдіңіздер,-деді Қостанай аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі орталықтың басшысы Зиягүл Кузьминова.
Іс-шараның соңында еңбек сүйгіш жандар әртүрлі мақтау қағаздары және грамоталармен марапатталды.

Қымбат ДОСЖАНОВА