18 мамыр – Халықаралық мұражай күні

Арқалықтағы облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайы да төл мерекелерін атап өтуде.DSCF9837
– Қазақстанда 250 мұражай бар. Бүгін олардың барлығы да мерейлі мерекелерін қарсы алуда. Осыған орай біздің ұжымымыз да жыл сайын бұл мерекені лайықты өткізуге күш салады. Жыл сайын "Түнгі мұражай" мерекесін ұйымдастырушы едік. Мәселен, өткен жылғы сондай шарамызға 2, 5 мың адам тартылды. Биыл ғимараттың күрделі жөндеуге мұқтаждығына байланысты оны өткізе алмадық. Бұдан 7 – 8 жыл бұрын халықтың жылдық келу көрсеткіші 7 мың көлемінде болса, өткен жылы 10 мың адамды қамтыған екенбіз. Бұл өте жақсы нәтиже. Қазір мұражайымызда 76 мыңнан астам жәдігер сақталған. Халыққа қызмет көрсетуде ілкімділік танытып отырған әріптестерімді мерекелерімен құттықтап, отбастарына амандық тілеймін,- дейді мұражай директоры Гүлбану Елтебаева.DSCF9831
Күні бойы жауған ақ жауынға қарамастан мұражайдың ашық есік күніне келушілер қатары да аз болған жоқ.
– Мұражай дегеніміз өзі аты айтып тұрғандай мұра яғни, ата – бабаларымыздың бізге қалдырған мұрасы. Елдің өткені, бүгіні, болашағы осы мұражай арқылы танылады. Мұражай – бабадан балаға беріліп жатқан қара шаңырақ. Мұражай – алтын босаға. Мұражай арқылы біз өзіміздің кім екеніміді көреміз. Тарихтың бүкіл көрсеткіші осы жерде тұр. Олай болса осы құнды жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтап, ұлттық мәдениетіміз бен салт – дәстүрімізді дамытып отырған мұражай ұжымына зор табыс тілеймін,- дейді белгілі қолөнер шебері, тарихшы Шөптібай Байділдаұлы.
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓