32 келі есірткі сақтаған
Облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасы қызметкерлері Қашар ауылы тұрғынының үйін тінту барысында аса ірі көлемді есірткі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды "Алау" порталы.Күдіктінің үйінен барлығы 967,04 грамм гашиш есірткілік заты және 31 келі кептірілген марихуана табылды. 40 жастағы тұтқындалушы есірткілерді саудалау мақсатында сақтамағанын айтты.
Қазіргі уақытта аталмыш дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыскерді Рудный қаласының соты тұтқындады. Қалалық ІІБ уақытша қамау изоляторына жатқызылды.