Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі

Өңірлік коммуникация қызметі орталығында Қостанай облысы әкімдігінің дін істері бойынша басқарма басшысының міндетін атқарушы Сапарғали Әбдиев жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесуі өткізді. Ол тілшілерге облыстағы діни ахуалдың жай-күйі туралы айтып, журналистердің бірқатар сұрақтарына жауап берді.
ytYLpUUsfMAМәселен, С.Әбдиевтің айтуынша, өңір аумағында 114 діни бірлестік тіркелген. Оның ішінде, 36-сы – ислам, 34-і – православ, 4 католицизм мен 39 протестантизм бірлестігі және дәстүрлі емес бір діни орталық бар. Заңды тұлға ретінде 72 бірлестік және тағы 37 бірлестік филиал есебінде тіркелген.  
Аталған ұйымдардың қарамағында 100-ге жуық ғибадатхана бар. Тізбектер болсақ, 36 мешіт, 30 орыс православтық шіркеуі, католиктердің 4 костелі және 30 құлшылық үйі тіркелген.  Қалған діни бірлестіктер өз іс-шараларын жеке немесе жалға алған пәтерлерде өткізеді.
Бүгіндері облыстағы діни ахуал тұрақты. Конфессияаралық негізінде дау-жанжал болып көрмеген. Діни бірлестіктер қалыптасқан мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар шеңберінде қызметтерін жүзеге асыруда. Әр діни ұйымның жетекшілері қоғамдағы рухани келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған әлеуметтік, мәдени іс-шараларға  қатысуы қаматамасыз етіліп тұрады.     
Қазіргі уақытта Лисаков қаласы мен Меңдіқара және Әулиекөл аудандарында жаңа мешіт салынуда. Сондай-ақ, Александров ауылында православтық шіркеудің құрылысы басталып-ақ кетті.
– Облыста діни экстремизмнің және радикалды идеяларды таратудың алдын алу бағытында тақырыптық ақпараттық-насихаттық топ құрылған. Оның құрамында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және дәстүрлі діни бірлестіктердің өкілдері мен ғалымдар бар. Осындай топтар қала және аудан әкімшіліктері жанында, жоғары оқу орындарында жасақталған,-дейді Сапарғали Әкімбекұлы.
 
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓