Идеялар байқауы

Рудный қаласында Жастар банкі үздік идеялар байқауын жариялады. Ең ілкімді жобалар сараланып, авторларына 100 мың теңге көлемінде гранттар берілмек.идея
Өтінімдерді "Жастар" жастар қоғамдық бірлестігі қабылдайды. Бірлестік жетекшісі Г.Ипатовтың айтуынша, бұл ұйым мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орындайды. Ол үшін қаражат қыркүйек айында бөлінген. Сондай-ақ, бұның есебінен Жастар банкінің қоры қалыптасады.
Несиеге қол жеткізіп, идеясын іске асырғысы келетіндердің өтінімдері 5 қарашаға дейін қабылданады. Бір ескерте кетерлігі, байқауға жасы 29-ға толмаған жастар ғана қатыса алады. Өтінім формасымен Рудный қаласының Жастар ресурстық орталығының ВКонтакте желісіндегі парақшасынан танысуға болады. Қабылдау мекенжайы: gendelf.bac@mail.ru, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 8-үй. анықтама телефондары: 8-707-518-11-99.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓