110 түп қайың отырғызылды 

Қостанайдың Тобыл маңы саябағына Б.Момышұлының 110 жылдығына орай 110 түп қайың көшеті отырғызылды. Қостанай облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жас Star» ҚБ  ұйымдастырған  акцияға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова, жастар ресурстық орталығы өкілдері, еріктілер мен колледж студенттері қатысты. e2f650b5-e1af-4002-937e-5a06e865a4cf50f1c74e-e99e-4178-9402-828db8624b5e284f8ef0-09b8-47c0-b9ca-803289bb75cacd48e589-7d97-4c95-bab6-4a992b5b5ab771ff4aba-a082-45f9-9143-34af1035cb68– Бұл акцияға жастардың бір кісідей ат салысып жатқаны қуантады. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және Отанға деген сүйіспеншілік негізінде азаматтық сана-сезімді дамыту. Болашақта да осындай шараларға біздің жастар қолдау көрсетеді деген сенімдемін, – деді Бақыт Есімова.9b0f348e-f69a-4639-b44a-119bd91bb8b4Айта кету керек, алдағы уақытта  ағаш отырғызылған аумақты «Бауыржан Момышұлы саябағы»  деп атау жоспарлануда.b6c1c9c1-1881-4d51-b0f4-565eba44a6bf–Жастар саясаты басқармасының акциясы аясында Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай 110 қайың көшеті отырғызылды. Негізінен, ағаш отырғызу көктемде жоспарланған болатын. Алайда, карантиндік шектеулерге байланысты акцияны қазан айына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл іс-шараға  мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер және студент жастар қатысып, белсенділік танытуда, – дейді жастар саясаты басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев.  013234fe-3e69-45fd-80e1-48a0b0e13ebc
Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓