Жұқа мұздың құрбаны
Федоров ауданына қарасты Шаңдақ ауылы маңындағы өзенге 62 жастағы балықшы батып кетті. Қайғылы жайт жұқа мұздың сөгіліп кетуі салдарынан болған. Облыстық ІІД-нің хабарлағанындай, балықшы өзі қолдан істеген қайығымен болған. Жағадан 1 шақырым алыстап кетіп, мұз салмақты көтере алмаған. Мамандар мұз қалыңдығы небары 2-4 см ғана екенін айтады. Құтқарушылар марқұмның денесін күні кеше тауып, жағаға алып шықты.