Балалы ананы пәтерден қумақшы

Шағымданушы С. өзінің бұрынғы жұбайы М.-ны және оның бірінші некеден туған 10 жастағы қызын пәтерден  шығару туралы шағымымен Қостанай қалалық сотына жүгінген.
Олар «Жас отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша құрамы 4 адамнан тұратын жанұя ретінде  Қостанайдан 2 бөлмелі пәтер алған. Мемлекеттік «Қол жетімді баспана-2020»  бағдарламасы аясында жас отбасына пәтер жасалған келісім-шартқа сай болашақта сатып алу құқымен жалға берілген.
Ерлі-зайыптылар ағымдағы жылдың мамыр айында ажырасқанымен, кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар ана сол үйде тұрып жатқан. Ал азамат С. бұрынғы әйелін және оның қызын үйден шығаруға, ал ортақ балаларын өзімен қалдыруға сотқа шағым жазған.
Істі сотта қарау нәтижесі бойынша, сот шағым қанағаттандырылуға жатпайды деген шешім шығарды. Аталған баспана тек талапкерге емес оның отбасы мүшелеріне де тең дәрежеде берілген.
Сондай-ақ, сот жас балалардың құқығын, олардың анасымен физиологиялық байланысын және де басқа баспананың жоқтығын ескерді.
Сот шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓