Полицейлер болмағанда…
64 жастағы ер адам, екінші топтағы мүгедек үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Туыс-туғандары полицейге хабарласымен, іздеу жарияланған. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.Кезекті бақылау жұмысы кезінде Мұрат Имамбаев пен Самрат Төленді Қостанай-2 ауданында дүкен маңында жүрген қарияны байқаған. Тәртіп сақшылары жіті назар салып қарағанда, оның жоғалып кеткен зейнеткерге түр-тұрпаты келетінін аңғарады. Дереу қасына барып, жөнін сұрай бастайды. Қария КСК шағын ауданында тұратынын ғана айтып, одан басқа мәлімет бере алмаған. Полицейлер оны полицияның солтүстік бөліміне жеткізеді.
Жапа шегушінің жұбайы оның үйге қайтып оралуына көмектескен полицейлерге алғыс айтты. Олардың жәрдемінсіз зейнеткер өз еркімен тұрғылықты мекенжайын тауып бара алмас еді.