Апаттан екі адам көз жұмды

Жол апаты 7 қаңтарда Қостанай-Қарабұтақ автожолының 155-ші шақырымында болған. Бұл мәліметтерді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратады.дтпДенисов кентіне таяу жерде "ГАЗ" маркалы жүк көлігін тізгіндеген 44 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, қарсы бетте келе жатқан «Honda CRV» маркалы көлікке бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл көлік рөлінде 57 жастағы ер адам болған.
"Апат салдарынан «Honda CRV» көлігінің екі жолаушысы ауыр дене жарақатынан көз жұмды. "ГАЗ" жүк көлігінің және «Honda CRV» көлігінің тағы екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", – делінеді ведомство хабарламасында.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓