Есепші еселеп жеген болуы мүмкін

Қостанайдағы футболдан балалар спорт мектебінің бас бухгалтері Олеся Дациева ірі көлемде ақша жымқырды деген айыппен сот алдында жауап берді. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, ол жалпы алғанда 3 млн 448 мың 338 теңгені қолды еткен. Бұл сома Қостанай облыстық мәслихаттың ревизиялық комиссияның тексерісі кезінде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сатушы 6 жылға сотталдыАлайда, сотта айыпталушы Дациева қылмыс жасамағанын айтды. Оның сөзіне қарағанда, бұл қаражат ұрланбады, ол мектеп оқушылары мен бапкерлердің түрлі жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету үшін және іссапар шығынын өтеу үшін карталарға аудару және қолма қол беру арқылы жұмсалған.
Дациева бухгалтериядан қаржы құжаттары салынған папканың жоғалуы салдарынан осындай айыптар тағылып отырғанын жеткізді. Дегенмен, оның сөзіне сенер болсақ, қаражаттың қайда аударылғанын банк арқылы бақылауға болады, сондай-ақ, оны бухгалтериядан ақша алған куәгерлер жаттықтырушылар мен оқушылар растай алады. Сот отырысы жалғасуда
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓