“Скайппен” сөйлесіңіз!

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне, COVID-19 коронавирустың таралу қаупіне байланысты Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтарды онлайн желіде қабылдауды жүзеге асыруға көшеді.
183095
Орталық өкілдері тұрғындардың сұрақтарына Skype, Facebook, Instagram желілерінде жауап бере алады. Қостанай облысының тұрғындары Skype бағдарламасы арқылы жеке мәселелері бойынша департамент басшысына немесе оның орынбасарларына тікелей жүгіне алады.
Бұл үшін жауапты қызметкермен тікелей эфирге шығу уақыты туралы алдын ала келісу қажет. Мамандармен Facebook және Instagram әлеуметтік желілері және Skype (ANTIKOR Kostanay) арқылы тікелей қосыла аласыз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓