Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі

«Бауыржан» қайырымдылық қоры республика көлемінде 10 жыл қатарынан Ұлттық қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығын тағайындап келеді.  Қайырымдылық шарасының мақсаты – жомарт жандардың еңбегін бағалап, жақсылығын асыру.
«Алтын жүрек» байқауына әлеуметтік жәрдемге мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қолдау білдірген мекемелер, ұйымдар және жеке тұлғалар қатысты. Жеңімпаздар «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін», «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін», «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» және «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін», «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін», «Жыл меценаты», «Ақпараттық қолдаушы», «Жылдың қайырымды адамы», «Жыл ұйымы», «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін», «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша марапатталды.IMG_4991
IMG_5001 Байқауда бақ сынаған қостанайлық «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» аталымында үздік шықты. Алматыдан олжалы оралған жерлесіміз Дүйсенғали Оспановты жергілікті журналистер Қостанай әуежайында күтіп алды. «Үміт-Надежда» ҚБ төрағасы Д.Оспанов байқаудан алған әсерімен бөлісіп, қоғамдық бірлестіктің жетістіктерін бір деммен айтып берді.IMG_5052-Мен үшін бұл – үлкен марапат. Осы уақытқа дейін мені мемлекеттен басқа ешкім марапаттаған жоқ. Бұл жолы халықтың алғысын алып отырмын. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық көрсету бағытында 11 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Сол еңбек еленіп, бағасын алып отыр. Қайырымдылық жасау кез келген адамның қолынан келеді. Ең бастысы, ниет болуы керек,-деді Дүйсенғали Оспанов.IMG_5045
 
 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Cуретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓