ҚМПИ-дің үш студенті “құтқарылды”

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты оқытушыларын, студенттерін, сонымен қатар қызметшілерін эвакуациялау бойынша азаматтық қорғаныс іс-шарасы – объектілік жаттығу (ОЖ) өткізілді.  кгпи1Қостанай облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицерлері өз көмектерін көрсетіп және әдістемелік ақпаратпен жабдықтап, шараны өткізуге қатысты. Жаттығуды өткізу кезінде нысан "өрт құрсауына" түсіп, үйіндінің астында қалып зардап шеккен 3 студент "құтқарылды". кгпи

кгпСодан кейін медициналық ұйым оларға дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, зардап шеккендер ауруханаға жіберілді. Ізінше ОЖ басшысы іс-шараның аяқталғаны жөнінде пәрмен берді. Қорытындылай келе, АҚБ басшысының орынбасары капитан Қ.М. Қайбжанов жетістіктерді атап өтті және ТЖ нақты жағдайына ешқашан кезікпеулеріне тілегін білдірді.

Қостанай облысының ТЖД АҚ басқармасы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓