Ардагерлерді не толғандырады?

Биылғы жылы Арқалық қалалық ардагерлер ұйымында "Қазыналы қариялар" мен "Анадария" мектептері құрылды. Мектептердің құрамына өмір мектебінен өткен әртүрлі мамандықтардың иегерлері, үлгілі, парасатты ардагерлер тартылған. Ардагерлердің қалалық мәдениет сарайы жанынан құрылған "Қазына" хоры – облыстың, республиканың сарапты сынынан өткен, байқау жүлдегерлері. Бүгінгі таңда қала аймағы бойынша 4953 ардагер есепте. Қаланың өз басында 1882 зейнеткер тұрады. Қалада – 9, ауылдық жерлерде – 17 ардагерлер ұйымы жұмыс істейді. 
Мұны VІ пленумда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы жіпке тізді.Ж.Ғапбасұлы
Он ай ішінде көмекке мұқтаж қариялардың тұрмыстық қажеттіліктеріне жергілікті бюджеттен 6.753,3 мың теңге бөлінген. 614 зейнеткерге 15.086 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалған.
"Ардагерлерді не толғандырады?" деген сауалға тоқталар болсақ, жарыссөзге шыққан ардагерлер: Хамит Досжанов, Орекен Алмат, Совет Керейбаев, Жұмағали Өмірбек, Қайырден Жиенбаев, Рақымжан Бектұрғанов, Бақытжамал Қалтаевалар қалалық ардагерлер ұйымының атқарып отырған жұмыстарына қанағаттанарлық баға беретіндіктерін айта келе, көкейде жүрген көп ойларды да іркіп қалмады.О. Алмат Мәселен, қалада ардагерлердің бас қосып, шүйіркелесетін орынға деген мұқтаждықтары жылдар бойы қордаланып келе жатқан жағдай. Денсаулық сақтау орындарында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған арнайы палата қызметінің өзге санаттағы қарттарға қызмет көрсетуі уақыттың талабымен сұранып тұрған жайт. Өйткені, соғыс ардагерлерінің қатары саусақпен санаулы. Бүгінгі күні жалпы қала өңірін алғанда төрт-ақ майдангер қалған. Р.Бектұрғанов
Бұрнағы жылдары ардагерлерді қаладағы "Алюминстрой" ЖШС-не қарасты "Көктау" демалыс лагерінде бір аптадай тынықтыру дәстүрге енген болатын. Кейінгі жылдары осы үрдіс күрт тоқтап қалды. Қаладағы емханалардың әрқайсы әр жерде болғандықтан жасы келген кісілердің қаралуына өте-мөте қиындық тудырады. Қала әкімдігінің үшінші қабатында орналасқан қалалық ардагерлер ұйымы басшысының кабинеті де лифт ол қабатқа тоқтамайтындықтан, қарттардың жиі бас сұғуына мүмкіндік бермей отыр.ветеран
Мәселелердің мәнісі қалада көптеген мекемелердің ғимараттары қызметке лайықталып салынбаған. Емханалардың басындағы проблемалар таяуда облыстық "Қостанай таңы" газетінің бетінде де көтерілген болатын.
Қала әкімі Амантай Кәкімбекұлы жиында қаралған мәселелердің назарда ұсталатынын айтып, пленумға: сот, прокуратура сынды құзырлы органдардың басшыларына дейін қатысып отырғанын, қала мекемелері мен кәсіпорындарының қай шақта да қарияларға қандай да бір көмек көрсетуден тартынбайтындықтарын алға тартты.
 Пленум соңында қаралған мәселелер бойынша Қаулы қабылданды.
 
МұратЖүнісұлы
Арқалық қаласы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓