Сиыр кінәлі
Жітіқара қаласы маңындағы Пригородный ауылы тұсымен өтетін тас жолда жол-көлік оқиғасы болды. "Рено Логан" маркалы көлікті тізгіндеген 43 жастағы әйел жол үстіне шығып кеткен сиырларды соқпау үшін рөлді оқыс қапталға бұрады. Салдарынан темір тұлпар жолдың жиек сайына келіп құлайды. Жеңіл көлікте бұл уақытта азаматшаның 17, 13 және алты жастағы үш қызы болған. Үлкен қызы мертіліп, Жітіқара аудандық ауруханасына жеткізілді, ал қалғандары аса ауыр жапа шеккен жоқ, елеусіз жарақаттар алған. Көлік иесі жабық бассүйек-ми зақымын алды.