Үш адам кәрізге құлап опат болды
Күні кеше түс мезгілінде бес адам кәріз жүйесі ішінде ес-түссіз күйінде табылды. Оқиға Қостанай-Меңдіқара тас жолының 10 шақырымында орналасқан Гусейнов ЖК мал сою цехында болған. Жапа шегушілер тысқа шығарылғанда үшеуінің көз жұмғандары анықталған. Қалған екеуі ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмектен соң естерін жиып, жағдайлары қалыпқа келді. "НК" хабарлауынша, сол күні мал сою цехының жұмысшылары кәріз жүйесін тазалауы керек болған. Алғашқысы төмен түсіп бара жатып сүрініп, соңынан келе жатқан адам да құлап кетеді. Қалғандары екеуін құтқармақшы болып түсіп, өздері естен танып құлаған.
Төтенше жағдайды тергеумен республикалық комиссия айналысатын болады. Жетекшісі Астана қаласынан келмек. Олар қайғылы оқиғаның себебін анықтауға кіріседі..