Парақор полицейлер соты шегерілді

Қостанайдың №2 сотында пара алғаны үшін айыпталған бұрынғы үш полицейге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Бопсалау мен топтық сөз байласу фактілеріне негізделген істің талқылауы 3 қарашаға тағайындалды. Алайда, қазір бұл қылмыстық тарихтың фабуласын жария ету шешілді. Сотталушыларға   ҚР ҚК 366-бабы 1.2.4-тармақшасы 3-бөлігі, 416-бабы 2-бөлігі  бойынша айып тағылып отыр.
Олар – Қостанай облысы жол-патрульдік полициясы батальонының «Рубеж» бөгеу жүйесін  стационарлық бақылау посты қызметінің 38 жастағы аға инспекторы,  «Рубеж» БЖСБ полициясының 26 жастағы аға сержанты және ІІД заңсыз көші-қонмен күрес бойынша арнайы жеке взводының кіші инспекторы 28  жастағы полиция аға сержанты.
Іс материалына сүйенсек, сотталушылар осы жылғы 23 маусымда Қостанай тұрғынынан бопсалау жолымен посттан кедергісіз өткізгені және құжаттарын тексермегені үшін 7 мың теңге пара алған. Сосын айыпталушылар сол күні «бопсалау жолымен бірнеше рет басқа азаматтан медициналық куәландырмай, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырмағаны үшін 100 мың теңге пара алған». Сот талқылау ашық режимде өтетіні атап өтілді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓