Сатушы әйел “сыбағасын” берді
Оқиға Қарабалық ауданында болған. Асхана пышағымен қаруланған ер адам тал түсте аудан орталығындағы дүкендердің біріне баса-көктеп кірген. Бұл туралы alau.kz хабарлайды.
Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растайды. Белгісіз ер адам дүкенге кіріп келіп, сатушыны қорқыту арқылы қалаған бұйымын алғысы келген. Дегенмен, оның жоспарының күл-талқаны шығады.
"Сатушы әйел басбұзардың "сыбағасын" бере алды. Ол оны дүкеннен желкелеп қуып шыққан. Тонаушы нәзік жандыға қауһар көрсете алмаған", – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Бір сағат өткен соң полицейлер қылмыскерді құрыққа түсірді. Ол 41 жастағы қарабалықтық екен. Қолға түскенде мас болған.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.