Құдыққа түскен көліктің шығыны өтелді
Қостанай қалалық сотында қала тұрғынының «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нен жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген шығынды өндіру туралы шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.
Шағымданушы азамат Қостанай қаласының Базовая көшесі бойында люктің темір қақпағы «Ивеко» автокөлігін зақымдағанын, осы себепті келтірілген материалдық шығынды өндіруді сұраған.
Сот отырысы барысында талапкердің өкілі жөл-көлік оқиғасы құдық қақпағы қоршауының бүлінгендігінен және ойылған жол бөліктері шиыршық таспен жабылуы салдарынан болғанын, яғни, мемлекеттік мекеме жергілікті жердегі көлік жолдарының қауіпсіздігін қатматасыз ету түріндегі өзіне қойылған міндеттерді дұрыс жүзеге асырмағанын мәлімдеді.
Тараптарды тыңдаған сот «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нен талапкер пайдасына 159 473 теңге материалдық шығынды, 1 595 теңге баж салығын, соттағы өкіл қызметі үшін 15 000 теңге, бағалау шығыны 14 791 теңге, барлығы 190 859 теңге өндіруге шешім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.