Бухгалтерлер клубы құрылды
Облыста. Аталмыш мамандық иелерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында облыстық кәсіпкерлік палатасының жанынан бухгалтерлер клубы құрылды. Клубтың құрамына кез келген компанияның есепшілері кіре алады. Жаңадан ашылған бухгалтерлер клубы тәжірибе алмасу алаңына айналмақ. Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Кукобаның айтуынша, астаналық орталық бухгалтерлер үйі электронды шот-фактураны енгізу туралы семинар өткізетінін хабарлаған. Оған барлық облыстан 300 адам қатыспақ.