М.Қалиев бостандыққа шықты

Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиев жазасын өтеп, бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты сотталғанның қорғаушысы Альмира Шайхина растады, деп жазады "Қазақпарат" "Наша газетаға" сілтеме жасап. калиев
«Мақсұт Қалиев босап шықты. Қандай негіз бойынша босап шыққанын білмеймін. Заң бойынша, сотталғанның қылмыстық-мерзімінен бұрын босап шығу уақыты келгенде колония әкімшілігі бұл туралы оны ескертіп, босап шығу пайдалана алатынын айтады.  Сотталған шартты түрде еркіндікке шығуға, немесе жеңілдетілген жазаға, немесе денсаулық жағдайына байланысты жазасын жеңілдетуге өтініш бере алады. Өтінішті сот қарастырып, шешім қабылдайды. Қалиевке қатысты сот өтінішті құптап, ол бостандыққа шықты», – деді.
Сот шешіміне 15 күн ішінде шағымдануға болады. Шайхинаның сөзіне қарағанда, бұл мерзім өтті және сот шешіміне ешкім шағымданбады.  
Естеріңізге салайық, Қостанай қаласының №2 сотының 2016 жыл 11 сәуірдегі үкіміне сәйкес,  Мақсұт Қалиев 4 жылға сотталды.  11 шілдеде апелляциялық сот оны 3 жылға дейін азайтқан болатын. Қалиев 2015 жылы 1 тамызда қамауға алынған және қыркүйек айында шартты түрде мерзімінен бұрын еркіндікке шығу құқығына ие болды.
Мақсұт Қалиев жазасын қай жерде өтегені белгісіз.
Тергеу изоляторында арнайы шаруашылық бригада бар. Сотталғандарды осындай бригадаларға жөнелту шешімін Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаменті қабылдайды. Бұл бригада құрамында жұмысты атқарғанда жазасын өтеу мерзіміне саналады.  «НГ» ақпаратынша, – дейді "Қазақпарат" тілшісі, – Қалиев мұндай бригадаға түспеді".

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓