Азаматтық ант үшін…
Бүгін Қостанайдағы Жеңіс саябағында 18 бозбала әскерге аттанды. Олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныс қызметінің қарулы күштер қатарына алынды. Бұл күннен бастап, азаматтар ҚР перзиденті мен ұлттық қауіпсіздік үшін қызмет ететін болады. Ел тыныштығын күзетуге аттанған жауынгерлерді әскерге шығарып салу рәсімін Қостанай қаласының Ішкі саясат басқармасы мен «Социум и Я» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.



-Әскерде жүріп отан алдындағы азаматтық борышыңды өтейсің. Сондай-ақ, жақындарыңның қауіпсіздігіне жауап бересің. Өмірлік тәжірибе жинап, шыңдала түсесіңдер. Әрбір ер азаматтың парызы бұл. Әлемдегі дағадрыстарға қарамастан, Елбасы біздің қорғанысты бекем ұстауда. Әскер қатарына алынған әр азаматтың саулығына жіті назар бөліп, әскер сапасын жыл сайын арттырып келеді. Мемлекет тарапынан көрсетілген осындай демеуді әр сарбаз сезінуі керек. Тәңір есен-амандығын берсін,-деді Б.Аққожина.




Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ