Айыппұлды “таңдап” салған
Әдеп жөніндегі кеңес отырысында прокуратура облыс орталығының бас санитар дәрігері Алмат Бәйкеновті карантин ережелерін бұзғандарға жазаны таңдап берді деп айыптады, – деп хабарлайды Тенгри ньюс.
Прокуратура мәліметінше, Бәйкеновтің полицияға берген 100 пайыз істің тек 4 пайызына айыппұл салынған. Кейбір кәсіпкерге айыппұл жеке тұлға ретінде салынса, енді біріне айыппұл төлеу жазасына тартылмаған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің пікірінше, мұндай жағдайда азаматтар карантин шарасына жауапкершілікпен қарамайтын болады. Одан бөлек, мұндай жұмыс мемлекеттік қызметкерлердің имиджіне нұқсан келітереді.
Алмат Бәйкенов барлық дәлелмен келісіп отыр. Ол ведомство бүгінде айыппұл көлемі көп болғандықтан қоғамдағы жағдайды ушықтырмау үшін осындай әрекетке бар айтады. Санитар дәрігер кәсіпкерлермен түсіндіру жұмысын жүргізу жеткілікті болады деп ойлаған.
Кеңес мүшелері Бәйкеновті қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза тағайындаған. Ол мемлекеттік қызметке ауысу арқылы тағайындала алмайды, сондай-ақ конкурс нәтижесі бойынша, жаза қолданылған уақытта сыйақы ала алмайды, ал егер жұмыстан шыққан жағдайда 3 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.
Одан бөлек, мемлекеттік қызметкерге Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің басқармасының картасы берілді, ол 3 жыл бойы қолданылады.