Амфитеатр – қала көркі

Қаламызда жаңа нысандар бой көтеріп, көріктеніп келеді. Салынып жатқан жаңа орынның бірі – амфитеатр. Ашық аспан аясындағы амфитеатр Тобыл жағалауында орналасқан. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстың барысымен танысуға облыс әкімі Н.Садуақасов келді.
0_8c845_e864e1f0_XLҚұрылыс жұмысы 2016 жылы аяқталады деп күтілуде. Жоспар бойынша бұл жерде субұрқақ, 600 орынға арналған орындық, сахна болады. Бұл нысанға бюджеттен 900 мллион қаражат қарастырыл-ған. Биылғы жылы 100 миллионға жуығы игерілген. Қаражат қомақты. Облыс әкімінің басты талабы атқарылған іс те осыған сай болуы қажет. "Жағажайда орналасқандықтан орындықтар да жел мен күнге төтеп бере алатын материалдан жасалғаны жөн. Бұл жер қалалықтар келіп, демалуға лайықты болсын. Бүгінде спортқа бет бұрғандар көп. Осы маңайда велосипедшілер үшін арнай жол болса да жақсы" деді аймақ басшысы.
Осы маңда "Арлан" спорт кешені орналасқан. Келешекте бұл жер жақсы көңіл көтеріп, демалатын аймаққа айналары сөзсіз. 
Айтолқын
       АЙҚАДАМОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓