“Іс шебері -2016” байқауы басталды
Облыстық Жастар саясаты басқармасы мен “Келешек-2050” қоғамдық қоры жұмысшы жастар арасында “Іс шебері – 2016” байқауын өткізуде. Байқау барысында “Үздік тігінші”, “Үздік жүргізуші” және “Үздік қолөнерші” номинациялары бойынша осы салалардың жас мамандары сынға түсетін болады.

Бүгін “Большевичка” тігін фабрикасының базасында байқаудың “Үздік тігінші” номинациясы бастау алды. Онда облыстың әр өңірінен өтініш берген 15 тігінші бақ сынасты.




Қарлығаш ОСПАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков