«Адасқанның айыбы жоқ…»   

Адам баласы ес біліп, етек-жең жиған шағынан бастап алдына мақсат қойып, аңсаған арманға қол жеткізсем дейді. Сол жолда тынбай еңбек етеді. Отау тігіп, жақсы қызмет атқарсам дегені тағы бар. Қызметтегі адамның жақыны да, жолдасы да көп болатыны анық. Сонымен қатар, «байдың асын байғұс қызғанады» дегендей, бетіңе күліп қарап, көре алмай, аяқтан шалатындар да жетерлік.
Қаланың тынымсыз тіршілігі кейде адамды сергелдеңге салып жібереді. Алайда сананы тұрмыс билеп, сәтсіздік алдан тап болған сайын пенденің қажыры мен төзімі сынаққа түседі. Сәтсіздіктер соққысына төтеп бермегендер отбасындағы, қызметіндегі келеңсіздіктерден "кеміріліп", өзін қоғамнан қандай да жолдармен алыстата бастап, кейін болмысын жоғалтып алады. Ондай адамнан уақыт өте келе өз отбасы да бас тартады, кейін туыстары және достары алшақтай түседі. Түптің түбінде барар жері, басар тау қалмағандығын сезініп, мүлде бейшара хәлге түседі. "Бастан бақыт ұшты" дегеніңіз сол… Міне, нәтижесі – көше кезіп, бұралқы иттей әр жерді "тіміскілеп" қоқыс аралап кетеді. Қоғамның "қотырына" айналған міскіндерге осыдан кейін жиіркеніш тумағанда қайтеді!бомж
Мұндай күнін көре алмай жүргендер тек біздің елдің азаматтары ғана емес, өзге көршілес елдерден де келгендер баршылық. Осындай түгі жоқ азаматтар мақсаты тұрмақ жақсы атынан ада етіледі. Себебі олар – бір күндік өмірлерін ойлайтындар. "Түзелем" деп ниеттенсе, кейбір жігіт ағаларына қатарға қайта қосылуына мүмкіндік бар емес пе! «Адасқаннын айыбы жоқ, үйірін қайта тапқан соң» деген тәмсіл осындайда ойға оралады… Жібі түзулер санатында жоқытығын былай қойғанда, қоршаған ортаға кедергі келтіретінін қайтесіз! Бастары қосыла сала ішкілікке ауыз былғап, масайған күйі өз араларында төбелес шығарып, жұрттың мазаларын қашыратыны таңсық жай емес. Ал, сол ішімдікті алу үшін әркімге алақан жайып қайыр сұрауларына тура келері анық. "Закүскі" іздеп, қоқыс қопарып сол жерді шашып кетеді. Ұрлық жасап, болмаса біреуге зәбір көрсетулері әбден мүмкін. Ондай жандарға бейімдеу-емдеу мекемелері де аса бүйрек бұра бермейтіндері де белгілі. Адал асы, таза киімі, жылы төсегі, былайша айтқанда, жеке бас күтімі жоқ жандар түрлі ауру жұқтырмайды деп қалай айта аламыз! Бұл да ойлантарлық мәселе. Кім білген, мүмкін қайтадан аяқтан тұрып кетуге ықыласты, алайда еш мүмкіндігі жоқ бейбақтар көп шығар. Айтпағым, сондайларға септігін тигізетін ұйым құрылса жақсы болар ма еді. Үлкендер жағы "Алланың сынағы, тағдыр" деп қарайды. Сол боркеміктерді кей жастарымыз сыртынан келеке етіп, жер-жебіріне жеткізіп балағаттап болады, тіпті қорғансыздықтарын пайдаланып соққыға жығып кететін сотқарлардың әрекеттеріне де куә болып жүрміз. Бетін аулақ қылсын, мұдай жағдайға кез келгеннің түспесіне кім кепіл? Болашағын кім алдын ала болжап қойыпты!божж
Өкініштісі сол, көше кезушілердің саны жыл сайын көбейіп, қоғамның  жағымсыз кейіпкерлерінің қатарын толықтыруда. Менің ойымша, салауатты, сауатты қоғамға айналуымыз үшін белсене күш жұмылдырсақ, қоғамының бұл індетінен арылудың жолын табар ма едік.
 
Сералы МЫРЗАБАЙ,
                 ҚМУ журналистика мамандығының 3 курс студенті
   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓