Ескі мектеп колледжге айналады

Бұл нысан Арқалық қаласындағы алтыншы шағын ауданда, Абай даңғылы бойында орналасқан. Бір кездері №6 мектеп аталды. Кейінірек, тұрғын үй қорын оңтайландыру кезеңдерінде, мектеп әкімшілігі қаланың орталығына жақынырақ көшіріліп, бұл корпус жабылып қалды. Барлық үш қабаты қаңырап, уақыт оза тоза берді. Мәселен, ғимараттың терезелерінің жартысына жуығы әйнексіз қалып, фанералармен, картондармен, тіпті тақтайлармен жамалды. Өңін қашырып тұрған тұсы бұл да ғана емес… Енді республикалық бюджеттің қаржыландыруы арқасында ғимаратқа қайта "жан бітпек". Арқалық политехникалық колледжі болып ашылады.колледж
Күрделі жөндеу бойынша жобаның сметалық құны – 551,3 млн теңге. Оның көп бөлігі, 321,3 млн теңге "Алюминстрой" ЖШС айналысатын қосалқы мердігерлік жұмыстарға бағытталады. Күрделі жөндеу жұмыстары келер жылдың екінші жартысында аяқталады деп күтілуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓