МС Сайлаубек – халықтың “еркесі”

Қазір жұлдыз көп. Көктегі емес, жердегі жұлдызсымақтарды айтам. Бойында өнері болсын, болмасын ол – жұлдыз. Бүгінгі заманның талабы осы. Жасандылық пен жалған белсенділіктен туған жұлдыздар. Ғаламторды ақтарып қарасаң, талайлардың әп-сәтте танымал болып шыға келгенін көресің. Киелі қазақ сахнасына қас-қағым уақытта-ақ шығып үлгерген «өнер жұлдызы» бар. Атын атап, түсін түстемей-ақ қойсақ та бәрімізге белгілі. Ол – МС Сайлаубек.edgacg4j61sl_1pogudx6kgp9p8n8n2.r800x600.9b8fd4b6 pogudxra2ugr80ubg.r800x600.261d5d63
Көп қазақ сол Сайлаубекті  масқара қылып, қорлап, көзге шыққан сүйелдей көреді. Егер жұртшылық дәл осылайша жек көріп, теріс айналып жатса, ол Сайлаубек қалай жұлдыз болды? Мүмкін біздің замандағы адамдардың бойындағы риялықтан туған патриотизм мен ішкі жан дүниеміздегі азғындық қаратабаннан «қара жұлдыз» жасаған шығар.431d72933ed76e0ea186ced8ac678fbe
Екеуара әңгімеде, әлеуметтік желілерде иттің етінен бетер жақтырмағандай кейіп танытып, жеке қалғанда санамызда Сайлаубектің былдырақтаған тілі сайрап тұрады. Алғашында бәзбіреулер соққыға жығып, ұялы телефонның бейне камерасына түсіріп, ғаламторға жүктеген. Көпшілікке мазақ болып, артынша бейнебаян танымалдылық жинайды. Есерсоқтардың көңілінен шығып, түсініксіз тілдегі «өлеңі» санаға жаттала бастады. Әңгімеміздің барлығы МС Сайлаубек болды.144368988043w3t
Халық арасында құнсыз әуесқойлықтар мен ермек болар дүние қазір жиі кездеседі. Бірақ белгілі уақыты келгенде, жұрт жалыға бастағанда ол өздігінен жоғалып кетеді. Сайлаубек те сол күйді кешер еді, егер сауатты, саналы, эстрада жұлдыздары келіп араласпағанда. Кәсіби келісім-шарт жасасып, ел алдына шығарып, сандырағын дамытуға қазақ елінің өнерпаздары көмек білдірген. Ол – бәріне мәлім дүние.
Ал ендігі мәселе – Сайлаубкетің кінәсі не? Біреуден таяқ жеп, өлең айтып, қор болғаны ма? Кінә ел арасында мазақ боп тарағаны ма? Адам жақсылыққа тез үйренеді. Қазақстандағы, тіпті, көршілес Ресей жұлдыздарының өзі көтермелеп, қолпаштады емес пе! Жарайды, Ресейіңді қоя берші. Олар дұшпан күліп айтады дегеннің нағыз өзі. Аяқ астынан продюсерлер кезігіп, сахнаға шығуына сәл-пәл дем беріп жіберіп еді, мыңдаған тыңдармандар да табыла қалды. Міне, осылай жұлдыз жасадық.  photo_167582Көптеген ғаламтор қолданушылар Сайлаубекті жерден алып, жерге салуды жалғастыруда. Менің айтарым: Сәкеңе қатты килігудің қажеті жоқ. «Таудай талаптан гөрі, бармақтай бақ» дейді қазақ. Бағы жанды.  Адам болып, бір қазақ бойын көтерді. Қуанайық. Өйткені, қоғамға қажетсіз «алқашты» жұлдызға айналдырған да халық, оның артынан топырақ шашып жүрген де халық.
Бәлкім, еңбектеген сәбиден еңкейген қарияға дейін танымал болып, МС Сайлаубек аталуына мына менің де үлесім бар шығар. Шет елдік әншілердің орындауындағы өлеңдерді тыңдасам да, сөзін түсінбеймін. Маған не айтып жатқаны белгісіз, бірақ әуені ұнайды. Сол сияқты, рэпердің орындап жүрген өлеңдерінің музыкасы көңілімнен шыққасын, бір жағынан күлкілі болған бейнебаянмен әлеуметтік желіде мен де бөліскенмін. Әр әуеніне «лайк» басып отыратынмын. Міне, барлығымыз осылай қолдау білдірген соң, танымал болып шыға келді.796d7eed9b7202261d9b662f7a76adbc
Айтпақшы, көптеген мамандар Сайлаубектің рэп айтуға деген қабілеті бар деп жария салуда. Ырғақты түсініп, әуенді сезіне алатынына аса мән беруде. Келешекте кейіпкеріміз «былдыр-батпағын» қойып, өзінің ана тілінде мазмұнды дүниелер жасай бастаса жақсы болар еді. Осы жолда алғашқы қадамын да жасап жатқанына куә болып та үлгердік. Айт, айтпа, қазіргі таңда Сайлаубекті танымайтын адам жоқ. Келісесіз бе, келіспейсіз бе, ол – өзіңіздің патша-көңіліңіз. hqdefault
https://www.youtube.com/watch?v=Ep2GED-kMVg
 
Ержан Батырбаев   

You may also like...

3 Responses

  1. Сәния айтты:

    Сайлаубектің кезі енді келді. Аз азап көрген жоқ. Таланттың азып- тозып жоғалуы ең аянышты жағдай.Оның даусы ерекше, ырғақты, әуенді сезеді.Иә, қазақша ән айтар деп сенеміз. Асығыс-сайтан ісі. Лайкті аяған соң немесе ермек үшін басуды түсінбеймін, мен тек ұнаған соң ғана бағалап лайк басар едім. Егер оның даусы, дарыны жоқ болса ештеңе көмектесе алмас еді.Ең бастысы-денсаулық, сосын-талант. Ал сауатты жігіттердің, таланты мұқалып керден кеткен соң емес уақытында келгені абырой болды.Сайлаубек жаман жігіт емес.Оның жұлдызды шағы алда деп сенемін.

  2. Алмат айтты:

    Ержан-ау, мақалаңда қате қаптап жүр гой, сосын тақырыпты түсінбедім. Ана тілінде мазмұнды дүние жасаса танымал болмас еді.

  3. аноним айтты:

    Сәкеңе))))))))

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓